ШЕБЕРЛІК ШЕЖІРЕСІ
Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күніне орай, Құлан ауылындағы Достық үйінде ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында «Шеберлік шежіресі» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Педагогика академиясының профессоры, Балалар және жасөспірімдер орталығының ұстазы Айымбеков Әлімжан қажы, облыстық көрмелердің жүлдегері, Өнер мектебінің Қолөнер бөлімінің мұғалімі Жанай Татаев, зергер Карима Халықова, домбыра жасау шебері Ерлан Сметов қатысты.
Аталған қонақтар Әлихан Бөкейханов орта мектебінің оқушыларына өз шығармаларын таныстырды. Оқушылар көптеген қызықты мәліметтер алды. Іс-шараға қатысушыларға Сұлутөр халықтық-фольклорлық ансамблі өнерлерін көрсетіп, думанды кешке ұласты.