САРЫСУДА ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Достық керуені» жобасы аясында Ақсақалдар кеңесі бас қосты.

Дәлірек айтқанда, биылғы жылдың 10 қазанында Сарысу ауданында өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің «Ақсақалдар кеңесі – ел бірлігінің кепілі» көшпелі отырысы өтті.

Отырыстың модераторы болып Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Сейілханов Асқарбек Ақылшаұлы жүргізіп отырды.

Шараның қатысушылары – Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, этномәдени бірлестіктері, Сарысу аудандық Ақсақалдар кеңесі мен этномәдени орталықтары, БАҚ өкілдері, ауыл тұрғындары.

Отырыс барысында – Сарысу аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы жұрт алдында жергілікті кеңестің атқарған жұмысы бойынша өзінің есеп-баяндамасын жасады.

Сонымен бірге, алқалы топта сөз сөйлегендер қатарында облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің көрнекті тұлғалары да өз ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда, Облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары «Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестінің төрағасы Абдырахман Зайнутдинов қатысты.

Баяндамаларда және кеңес мүшелерінің сөз сөйлеуінде аталмыш кеңестің өз ортасында беделді, көпшілікке айтары бар, өмірлік тәжірибесі мол, ақсақалдары этнос өкілдері тығыз орналасқан аймақтарда этносаралық қатынасты нығайту, кеңес жұмысын жандандыру мақсатында ел ішінде жастарға ақыл-кеңес беріліп тұратынын сөз етті.

Атап айтқанда, этносаралық келісім, жастар тәрбиесі, діни радикализм-әртүрлі ағымдарға кетіп қалмау туралы айтылып, Ақсақалдар кеңесі жұртшылық тарапынан қойылған түрлі сауалдарға нақты жауаптар берді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі