ОРДАБАСЫ, АЛҒА!

2025 жылы 22-23 наурызда Әулиеаталық «Ордабасы» — «Қазақстан командалық ойын федерациясы» РҚБ Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен Наурыз мерекесіне арналған «Ордабасы» спорттық ойынынан ашық облыстық турнир өткізді.

Бұл турнирге ҚР еңбегі сіңген спорт қайраткері, ҚХА мүшесі Руслан Бакирұлы Исмазовтың жетекшілігімен 5 пен 17 жас аралығындағы 200-ге жуық спортшы қатысып, командалық құрамда аянбай өз шеберліктерін көрсетті.

Турнирді ұйымдастырушылар қатысушыларды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға кубоктар, төсбелгілер мен дипломдар табыстады. Турнир спортшылары өз жетістіктерімен жақындарын қуантты.