ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙДА ТАРИХИ КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты экспозиция ашылды.
Салтанатты шараны облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева ашып, аймақтық ассамблея ардагерлерінің бірлік пен татулықты нығайту жолында атқарған еселі еңбектерін баяндады.
Сондай-ақ, облыстық Немістер қоғамдастығының төрағасы Александр Гибнер және республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары, жамбылдық жастар жетекшісі Хамида Турдыева тарихи көрменің келешек ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.
Атаулы көрменің ашылуымен құттықтаған ҚХА меценаты Юрий Минаков пен облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Мухабат Турдыева салтанатты рәсімнің тұсауын кесті.
Айта кетейік, экспозицияда отыз жылда еңбек еткен Ассамблея ардагерлерінің жеке заттары, медальдары, фотосуреттері, құжаттары, алғыс хаттары сынды құнды жәдігерлері қойылған.