Облыстық “АХЫСКА” түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмуджон Давришев марапатталды
Бауырластық рухында тәрбиеленген барлық этностар дерлік Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосуға ұмтылды. Бүгінде қазақтар, татарлар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, қырғыздар, армяндар, шешендер және басқа ұлт өкілдері тату отбасының бір бөлігіне айналды. Сонымен бірге, олар ата-бабалары үйреткен дәстүрлерін дамыта отырып, арықарай балаларына беруді жалғастыруда. Біздің елімізде Тұңғыш Президент құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бейбітшілік пен келісімде 140 этнос өмір сүруде. Бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстар біртұтас халық ретінде өмір сүруде. Олардың ұлтаралық араздығы жоқ, және бұл шынайы құндылық.
Дүниежүзілік DATÜB (Dünya Ahıska Türkleri Birliği) «Ахыска» Түріктер қауымдастығының төрағасы Касанов Зиятдин Исмиханұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, Жамбыл облыстық «Ахыска» Түріктер этномәдени бірлестігінің төрағасы Давришев Махмуджон Мираддинұлын «Ахыска» қауымдастығын көркейту жолында жасаған ерен еңбегі және еліне қосқан үлесі үшін «Dünya Ahıska Türkleri Birliği» атынан төсбелгімен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы