Облыстық ассамблея жастары ұлттық мұрамен танысты
2020 жылдың 12 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ұлттық мұраны дәріптеу және қазақстандық жас буынға мәдени-рухани тәрбие беру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында «Менің жетістігімнің тарихы – елімнің жетістігінің тарихы» атты шығармашылық кездесу өткізді. Іс-шараға облыстық ассамблея жанындағы «Жаңғыру Жолы» ЖҚ облыстық штаб мүшелері мен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі Дулат Байзілдаев оркестір жұмысымен толық таныстырды. Жастар қазақ музыка өнерінің негізін салушы Әміре Қашаубаев, Күләш Бәйсейітова, Құрмаңғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпеисова, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов сынды ұлы тұлғалардың өмірі және өнер тарихы, сондай-ақ қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жеткен жетістіктерімен танысты.
Сондай- ақ, облыстық ассамблея жастары қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дайындығында болды. Ұлттық аспаптардың шығу тарихын, әр аспаптың ерекшелігімен үнін тындады. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі келген жас қонақтарға арнап «Сарыарқа», «Адай» шығармаларын орындады.
Ұлттық музыка аспаптарының өткеніне көз жүргіртсек, ән де, әуезді аспап та қазақта көп болғанын аңғару қиын емес. Байырғы қазақ тастан да, ағаш пен өсімдіктерден де, мал терісі мен сүйегі, мүйізі мен ішегінен, керек десеңіз, қылдан да сан түрлі аспап жасаған. Кейінгі ұрпақ атын да естімеген қаншама аспап бар.
Ұмытылып кеткен аспаптарды өскелең ұрпаққа насихаттау біздің басты борышымыз.
Жамбыл облысы әкімдігі
Ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы