«МЫҢ БАЛАНЫҢ» ЖАМБЫЛДЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы қорытындыланып, жеңімпаздары анықталды.
«Мың бала» жобасы өскелен ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған.
Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен жобаның өңірлік кезеңінен өткен балалар қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ «Мың бала» жобасы аясында жыл бойы түрлі бағыттар бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған іс-шара мен байқаулар өткізді. Аймақтан сүрінбей, республикалық кезеңде өнер көрсеткен Меркі ауданы №44 орта мектептің 9 сынып оқушысы Айденов Саид Рустамұлы «Жарқыра, жас дарын!», Тараз қаласы №7 орта мектептің 10 сынып оқушысы Гирина Наталья Денисқызы «Өнерлі өрге жүзер» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер Марат Алмазұлының марапаты мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі