МЕРЕЙТОЙЛЫҚ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы мерейтойлық шара салтанатты жиынға ұласты.

Мерекелік кеш Ассамблеяның 30 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетілімінен басталды.

Мемлекеттік Гимн орындалған соң, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің тақырыптық театрландырылған қойылымымен жалғасты.

Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ҚР Президенті, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құтықтауын жеткізіп, аймақтағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға атсалысқан ҚХА мүшелеріне айрықша алғысын айтты.

Бұдан соң Ербол Шырақпайұлы өңірдің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін аймақтық Ассамблея ардагерлері мен жұмысшы маман иелерін марапаттады.

Айта кетсек, «Құрмет» орденімен «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы облыстық филиалы директоры Махмуджон Давришев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қордай Су» кәсіпорнының бригадирі Қазақбай Көкішев, Қордай аудандық тұрғын үй-коммуналдық ШЖК механигі Серік Жекебеков марапатталса, еліміздегі меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚХА «Жомарт жан» төсбелгісімен облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Мухабат Турдыева наградталды.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының әртісі Әбиірбек Тінәлиевке және «Трансфер» ШЖ басшысы Владимир Бондаренкоға «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Сонымен қатар, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» облыстық «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ мүшесі Гани Каримов, Жамбыл аудандық «Ахыска» Түрік ЭМ орталығының өкілі Мехрали Хамдиев, Қордай аудандық «Отечество» Славян ЭМБ жетекшісі Любовь Харченко, еңбек және ҚХА ардагері Рано Убайдуллаева, Қордай аудандық «Чунтян» Дүнген халықтық-фольклорлық оркестрінің жетекшісі Айдир Кеян марапатталды.

Ал облыс әкімінің құрмет грамотасы Шу аудандық Орыс қауымдастығының жетекшісі Владимир Лыткин, облыстық «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ мүшесі Шухрат Ирназаров, Талас аудандық Күрді орталығының өкілі Сулхадин Мустафаев, Т.Рысқұлов аудандық Орыс ЭМ орталығының жетекшісі Любовь Левицкая, еңбек ардагері Ұлтуар Бабақұлова, Қордай аудандық «Азери» Әзірбайжан ЭМБ жетекшісі Хаджибала Абдуллаев, облыстық ҚХА жанындағы ХШО клуб мүшесі Наталья Ремша, өңірлік ҚХА этномедиация кеңесінің мүшесі Қалдыбек Ниязовке және аймақ басшысының Алғыс хаты Шу аудандық «Ахыска» Түрік ЭМО өкілі Расул Кахорманов пен Жуалы аудандық «Дружба» Славян ЭМО мүшесі Валентина Ефремоваға бұйырды.

Салтанатты жиында облыстық «Днипро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Федор Клименко және «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары Айгүл Кабиева да мерекелік құттықтауын білдірді.

Мерекелік кеш соңы этномәдени бірлестіктердің хореографиялық ансамбльдері және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы концерттік бағдарламасымен тәмамдалды.