«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы мәресіне жетті
Ағымдағы жылдың тамызында «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы облыстық турының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Отбасы құндылығын насихаттап, жанұя татулығы мен бірлігін нығайта түсуді мақсат еткен байқауға облыс бойынша 243 отбасы қатысқан. Оның 22-сі облыстық деңгейге жолдама алса, 4 отбасы жеңімпаз болып табылды.
Байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы марапаттап, жүлделерін табыс етті.
Нәтежие бойынша «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының ІІІ орнын Қордай ауданына келген Вансинвин отбасы иеленді. Вансинвин отбасы этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген, «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды мектеп формасымен қаматасыз еткен үлгілі жанұя. Қазір Вансинвин отбасы үш ұл тәрбиелеп, олардан он немере, сегіз шөбере көріп отыр. Жеңімпаз жанұяға ІІІ дәрәжелі диплом, гүл шоқтары және 200 000 теңгелік арнайы сертификат табыс етілді.
Байқауда екінші орынды Т.Рысқұлов ауданынан Далибаевтар отбасы алды. Аталған отбасы 1 ұл 6 қыз тәрбиелеп олардан 13 немере көрген, қайырымдылықпен айналысатын үлгілі жанұя. Екінші орынның дәрежесіне сай отбасыға 300 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.
Байқаудың бірінші орнын Байзақ ауданынан 9 ұл, 6 қыз дүниеге әкеліп олардан 36 немере 40 шөбере өсіріп отырған Мамырбаевтар отбасы иеленді. Аталған отбасы қанжығаларына 400 000 теңгенің сертификатын байлады.
Байқаудың бас бәйгесін, 2022 жылдың Мерейлі отбасы атауын Тараз қаласынан Ержановтар отбасы алды. 7ұл-қыздан бөлек 12 баланы бауырына басып қанаттандырған отбасы «Алтын алқа», Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері. Ержановтар отбасында 56 немере 8 шөбере өсіп келеді. Аталған отбасы 500 000 теңгенің сертификатын иеленді.
Жиын соңы жеңімпаздардың ыстық тілек-лебіздерін білдіріп, естелік суреттерге түсуімен тәмамдалды.
Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы