МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

«Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық» – деп   Мемлекет  басшысы  ІІІ Ұлттық құрылтайда қазақ тіліне байланысты атап өткеніндей бүгін, биылғы жылдың 3 сәуірінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тіліне айналуы әлеуетін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференциясы өтті.

Маңызды шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Тіл-Қазына», өңірлік «Қоғамдық келісім» өкілдері мен тіл жобаларының жауапты қызметкерлері, этномәдени бірлестік өкілдері қатарында Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де  қатысты.

Спикерлер ретінде «Қоғамдық келісім» РММ директоры – Элина Масагутова, Сенат депутаты – Геннадий Шиповских,  «Qazaqstan» РТРК АҚ бас редакторы – Алла Гаврина, т.б. сөз сөйледі.

Конференция барысында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту бойынша жүзеге асырылып келе жатқан Ассамблеяның:  «Ұлы даланың ұлтаралық тілі», «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы,  «Менің таңдауым – қазақ тілі» челленджі,  «Мемлекеттік тілге 7 кадам»,  speaking-club форматында нетворкинг,  «Үйде сөйле» жобалары және өңірлердегі «Мәміле» клубтары  айрықша аталды.

Сондай-ақ, Qogam.Life арнасындағы «YouTube» платформасында «Ертегілер әлемі» жобасы бойынша 114 ертегіге бейнероликтер түсірілгені мәлімделіп, сонымен бірге ҚХА-ның Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми орталығының бірлесе отырып, меморандумдар шеңберінде түрлі жобаларды жүзеге асыратындығы да сөз болды.