МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін, 28-желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.
Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары, педагогтер мен қоғамдық бірлестік өкілдері бар.
Аймақ басшысы түрлі сала өкілдеріне елеулі, әрі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Мемлекеттік марапат иегерлерінің ішінде «Жамбыл облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айша Идыбо Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалін және Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ “Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас сарапшысы Бибігүл Утепова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасын алды.
Еңбектері жанып, мерейлері үстем болған әріптестерімізді бүгінгі бағындырған белестерімен шын жүректен құттықттай отырып, әрқашан сәттілік серіктеріңізге айналсын, шығар шыңдарыңыз биік болсын деп
«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы атынан тілек білдіреміз!
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі