Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында берген сұхбаты маған ұнады.
Қойылған сұрақтарға ашық және сенімді жауап беру арқылы бұл сұхбат есте қалды. Эфирде шынымен біраз мемлекеттік құпиялар жөнінде ашық айтылды. Алынған сұхбат ауыр сәттерді де айналып өтпеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиға, Отанымыздың әріқарайғы тағдыры қалай және қашан шешілетіндігі туралы айтып берді. Сұхбатта қайғылы қаңтар оқиғаларының аянышты себептері сөз болып, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен өзара қарым-қатынастары туралы сұрақтарға жауаптар алынды. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы ел болашағына арналған жоспарларымен, Президент лауазымындағы өз миссиясы туралы пікірімен бөлісті. Байқап, бағдарласақ, қазірдің өзінде өзгерістер басталып кетті. Олар қазақстандық қоғам мен бүкіл саяси жүйені трансформациялаудың оң нәтижелеріне қол жеткізуден тұрады, бұл, сайып келгенде, Қазақстанды экономикалық өсуге әкеледі деп сенейік!
Айгүл Кабиева, Жамбыл облыстық «Әулиеата»
Қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары