«Мектепке жол-2021»
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облыстық «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол-2021» қайырымдылық акциясы өтті. Білім күні қарсаңында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен Қайнар ауылының тұрғындарына және оның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан мектеп оқушыларына арнап қайырымдылық жасалды.
Акцияның мақсаты – қайырымдылықты насихаттау, адамдардың әл-ауқатын және қоғамдық сананы дамыту мен жақсартуға көмектесу, жастардың патриоттық сезімін ояту. Сондай-ақ, қоғамдағы маңызды бастамаларды, қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін нығайтуға қатысты жобалар мен ұсыныстарды қолдау және ынталандыру.
Іс-шара барысында мектепке алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге қажетті оқу құралдары, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына мектеп сөмкесі және аяқ киімдермен барлығы – 20 оқушы оқу жабдықтарымен қамтылды. Бұған қоса, штаб жастары балаларды білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, білім алу жолдарына сәттілік тіледі. Ауыл тұрғындары және ата-аналар ассамблея жастарының бұл игі істеріне үлкен алғыстарын білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы