МЕДИАТОРЛАР КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ
2023 жылдың 16 наурызында Тараз қаласында, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысының «Кәсіподақ орталығы» ғимаратына жанжалды немесе даулы жағдайды соттан тыс шешуде консультациялық көмек көрсету бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің 2022 жылғы 5 тамыздағы хаттамалық тапсырмалары шеңберінде өткізілді.
Мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, қоғамдағы жанжалды азайту, медиация институтын танымал ету.
Еске сала кетейік, қоғамдық қабылдау – бұл халықпен жұмыс істеудің жаңа нысаны, соның арқасында азаматтар мамандардың консультативтік көмегін пайдалана алады және өзекті сұрақтарға білікті жауаптар ала алады. Мұндай іс-шараларды өткізу өзекті, себебі бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және уақытында алынған құқықтық көмектің арқасында өтініш білдірушілердің мәселелерін сауатты шешуге көмектеседі.
Бұл жолы консультацияларды ҚХА кәсіби медиаторлары – Федорова Ирина Геннадьевна және Досыбиева Валентина Николаевна өткізді.
Бірқатар мәселелер қаралды:
-отбасылық мәселе (мұрагерлік даулар, сотқа дейінгі тәртіппен уағдаластық бойынша алимент төлеу туралы),
– жастар ортасындағы дау (әлеуметтік желілердегі абырой мен ар-намыс, қарызды қайтару).
Азаматтардың барлық сұрақтарына ҚХА медиаторлары толық жауаптар мен кеңестер берді. Нәтижесінде медиация рәсіміне екі өтініш (отбасылық және азаматтық даулар) және 7 консультация берілді.
Кеңеске жүгінушілер ұйымдастырушыларға нақты мәселені шешуге мүмкіндік бергендері үшін ризашылықтарын білдірді.
«Қоғамдық келісім» КММ
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі