МЕДИАЦИЯ БОЙЫНША ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР – ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Тараз қалалық Достық үйіндегі Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесі республикалық жоба аясында ұйымдастырған «Этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативті тәсілдерді оқыту» атты облыстық семинар-тренинг сәтті аяқталды.
Іс-шараның спикерлері ретінде «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ кәсіби медиаторы, тренер-сарапшысы Адаев Мұхтар Мұханұлы және осы орталықтың тренер-сарапшысы, кәсіби медиатор, конфликтолог Бахыт Амангелдіұлы Жамбыл облысына қарасты аудандарынан және Тараз қаласынан келген тыңдаушыларға медиация бойынша дәрістерді түрлі әдістемелік тәсілдермен жеткізді.
Үш күндік іс-шара барысында дәріс алушы қатысушылар алған білімдерін практика жүзінде де дұрыс қолдануды үйреніп, медиация саласының медиативті тәсілдері туралы білімдерін тереңдете түсті.
Бұған қоса, аталған кәсіби медиаторлардың дайындаған медиациялық кейс-дәрістері оларға ұмытылмас тамаша әсер қалдырды.
Семинардың дәрістер жөнінде мәселен, ІІ-топ қатысушыларына сауалнамалар толтыртқызылып, спикерлер берілген толық дәрісті қорытындыласа, І-топ дәріскерлері үш күндік семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
Тыңдаушылар семинарда үйренгеніміз мол, әр түрлі тақырыпты қамтыған дәрістер білімімізді жетілдіре түсті деп ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге ризашылықтарын білдірді.
Іс – шара қорытындысы бойынша тыңдаушылар сертификаттар алды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі