«Мәдениет, салт-дәстүр және отбасы құндылықтары» жобасы аясындағы кездесу

-11

Өткен жылы Тараз қаласында салтанатты ашылуы болған «Орен ТВ» телеарнасы бүгінде  онлайн-режимде бірнеше кездесу циклдерін өткізді.

 «Мәдениет, салт-дәстүр және отбасы құндылықтары» атты жоба аясындағы кездесуге ҚХА мүшелері, Сантк-Петербург, Челябинск, Астана және Тараз қалаларының «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігінің, «Машхана» жастар қанатының мүшелері мен қалалық орта мектептерінің педагогтары қатысты.

Россияның «Жақсы орта» сайтының басшысы әрі жүргізушісі Дмитрий Лысак пен Израиль елінің режиссері, сценарист, продюсер, киноакадемия ұстазы, лектор  Семен Винокур жиналғандарға «Еврей ұлтының өркениеті, бірі тіл мәселесі мен дүниежүзілік өркениетке әсері» тақырыбы бойынша қызықты дәріс оқыды.

Дәріс барысында әр әрпі терең ұғымды білдіретін ежелгі иврит тілі туралы және еврей қауымдастықтарының достық қарым-қатынасты берік ұстайтыны туралы айтылды.

Іс-шараға қатысушылар  өз орталарында отбасы мен рухани құндылықтар, отбасындағы сабақтастықтың маңызы мен дәстүрдегі моральдар аясында әңгіме өрбітіп, өткізілген телекөпір туралы ойларымен бөлісті.