Жамбыл облысында алғаш рет “Текті келін” өңірлік байқауы өткізілді
Үстіміздегі жылдың 20 мамырында Тараз қаласының Достық үйінде алғаш рет облыстық “Текті келін” байқауы өтті, оның ұйымдастырушысы Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ, “Gulfairus_ studio” болды. Іс-шара ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, жақында ғана іске қосылған республикалық жоба “Мәдениетті ана, мәдениетті ұлт” іс-шарасын ілгерілету, жалпыұлттық бірлікті, отбасы институтын одан әрі нығайту мақсатында өткізілді. Байқаудың ерекшелігі, оған әр түрлі этностардың келіндері қатысқандығы болды. Тараз қаласы, Шу, Талас, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарынан келген 10 жас келін “ошақтың ең үлгілі сақтаушысы” атану құқығын дәлелдеді. Қатысушылар үй шаруашылығын жүргізу дағдыларын, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар туралы білімдерін ортаға салды.
Қатысушылар конкурстық бағдарламаның қызықты, алуан түрлі және күрделі тапсырмаларын орындады. Алдымен қатысушылар түрлі-түсті презентациялар ұсынды, олардың негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрлері негізінде отбасы құндылықтарын көрсету болды.
Байқау барысында жас үй шаруасындағы әйелдер сахнада дефиле көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салумен қоса, ұлттық тағамдар да дайындады, салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап берді және бесік жырын шырқады. Жеңіске үміткерлердің өнерін қазылар алқасы бағалады, оның құрамында М. Х. Дулати атындағы Тараз облыстық университетінің Мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнертанушы, профессор – Айгүл Қабиева, ҚР танымал актрисасы Дариға Бадықова, “Вынхуа” Дүнген республикалық этномәдени орталығы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова, ҚР Білім беру ардагері, Т.Рысқұлов ауданының құрметті ардагері, Жамбыл облысына еңбегі сіңген ардагер – Мырзабек Маңғұтов, белгілі блогер Жанат Қалтаевтың анасы, “Жомарт Жан” Президенттік орденінің иегері – Алтын Қаниқар болды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі үштікке Жамбыл ауданының қатысушысы, дүнген этносының өкілі Роза Юнусова (3 орын), Тараз қаласынан қатысушы Айжан Жарылқасынова (2 орын), Шу ауданының өкілі Еркемай Мұқанова (1 орын) кірді. Бас жүлдені Тараз қаласының тұрғыны Аружан Әбілқасым жеңіп алды. Ең үздік келіндер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы