Жамбыл облысында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында өтетін «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті
Қазақстан халқы ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанының бағдарламасы бойынша еліміздің барлық өңірінде «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтуде. Акциянын мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, олардың ішінде балалардың, көп балалы отбастарының, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту.
Осыған орай, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың сәуірінде Жамбыл облысының Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында өтетін «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті.
Аталған шараға ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарының ішкі саясат бөлімінің өкілдері, облыстық Аналар кеңесінің жетекшілері мен мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері, ауданның жұмыссыз жастары, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының мамандары, аудандық, ауылдық округтері Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, аудандық сот өкілдері, медиаторлар, халық шығармашылығы шеберлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Акция Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылының агротехникалық колледжінде және де Меркі ауданы, Меркі ауылының №9-колледжінде Қоғамдық келісім кеңестері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерін «Жаңғырған ауыл» жобасымен таныстырудан басталды. Әрмен қарай еліміздің ауылдарын жаңғыртуда, жаңартуда жастарды талаптандыру, қызықтыру ретінде және адамгершілік-рухани тәрбие беру мақсатында колледж жастары арасында тренингтер өткізілді. Тренингтен соң Құлан ауылы мен Меркі ауылының колледж ғимараттары мен тарихи орындарына саяхат жасалып, акцияға қатысушылар жергілікті мұражайлармен таныстырылды.
Сонымен бірге, «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары: отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбында Аналар кеңесінің және «Медиация – ел бірлігінің негізі» тақырыбында медиаторлардың, осыған қоса облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің де аймақтық кеңейтілген отырыстары өткізілді.
Аналар кеңесінің осы отырысында Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова әр қазақстандық отбасындағы аналардың ролі мен міндеттерін тілге тиек етті. «Берік отбасы-тұрақтылығымыздың кепілі» қағидасын ұстана отырып, ананың қаншалықты перзентін моральдық, рухани құндылықтарға баулуынан еліміздің болашағы айқындалады, осы тұрғыда өз ойымен бөлісті.
Қалалық және Меркі, Т.Рысқұлов аудандық медиаторлары өз отырыстарында аталған аудандар бойынша жастар арасында қауіпсіз ортаны қалыптастыру, қақтығыс және дағдарыстық жағдайларда жастардың медиативтік көзқарас дағдыларын дамыту қажеттігін, еліміздің болашағы жастардың белсенділігіне, мәдениетіне және қарым-қатынас жасау қабілетіне байланысты екендігіне, 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олар үшін медиативтік құзыреттілік негіздерінің тренингтерін жиі өткізу мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының бас маманы Сарыбаева Балхаш көп балалы аналарды тегін медициналық тексерістен өткізді.
Жиналған жұрт, колледж жастары JASTAR JYLY-DANGYL ZHOL» Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасымен таныстырылып, ауданның жұмыссыз, бос жүрген жастарымен кездесулер өткізілді. Олардың тізімі алынып, қанша пайызы жұмыс іздеуде қиыншылыққа ұрынады, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмаушылық,, «дипломды жұмыссыздық» мәселелерінің өзектілігі негізінде жастар арасында анкеталық сауалнама жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары көзделді.
Шара барысында «Қазіргі заманғы дәстүрлі өнердің ролі» тақырыбында халықтық шығармашылығы шеберлеріне арналған дәрістер өткізіліп, «Туған жер» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жергілікті этномәдени бірлестіктер қолөнер, қылқалам шеберлерінің шығармалары бағаланатын болады.
Осыған қоса, ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинары өтті. Жиынға қатысушы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыьу басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері – этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша сөз өрбітті. Семинар барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Рысты Керімбаева «Ғасырлар дәстүрін сақтау: қазақтардың мәдени коды мен толеранттылық» тақырыбында жасаған баяндамасында ҚХА «Қазақтану» жобасы негізінде этносаралық жағдайлар қарастырылып, осы орайда күнделікті жұмыс жүргізілу қажеттігін атап көрсетті. Сонымен бірге, аталған жоба барысында орындалатын жұмыстарды жүзеге асырудағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Қайырымдылық жасауды қағидаға айналдырған облыстық ассамблея этномәдени бірлестіктерінің мүшелері бұл жолы Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының және Меркі ауданы, Меркі ауылының жағдайы төмен көп балалы 10 этностық отбасына азық-түліктер таратып қайырымдылық көмек көрсетті. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, «Жамбыл облыстық» «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Руслан Исмазов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев, Қазақстан республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Латиф Айдаров, «Жамбыл облыстық» «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Зайнуддин Махусеевтердің басшылығымен аталған аудандардың аз қамтылған отбастарына азық-түліктің түр-түрі таратылып, қамығып отырған көп балалы аналарға қайырымдылықтар жасалып, бірнеше жанұялар қуанышқа бөленді.
«Бейбітшілік және келісім» керуені қайырымдылық іс-шарасының соңы ұлттар бірлігін ұлықтайтын және әркез қайырымдылықтарын аямайтын акцияға қатысушылардың қалаға қайтуымен аяқталды.
Іс-шараға 1000-ға жуық адам қатысты.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі