Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті туралы

2023 жылы мен 2024 жылғы 02 шілде айына  облыста қызылша бойынша күдікті 7724 жағдай тіркелді, оның ішінде 4747 жағдайда диагнозы расталды (61,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 390,3.

Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 114 217 жағдай тіркелді, оның ішінде 56 582 жағдайда диагнозы расталды (49,8%), көрсеткіші – 282,4.

Қызылша диагнозы расталған 4747 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен  ауыр деңгейінде (7,9%), орташа денгейдегі – 3072 (64,7%), 1296 жеңіл денгейдегі (27,3%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 01 шілде айына қызылша диагнозымен стационарлық  ем   қабылдап жатқан 4 науқас бала бар. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан  науқастар жоқ. Ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді.

Жалпы төсек жүктемесі –1,2% (325 төсектің ішінен 4 төсек бос емес,321- бос), балалар төсек жүктемесі –1,5% (260 төсектің 4 төсек бос емес, 256 төсек бос).

Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.

1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2836 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 635,9).

Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »:   Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2),  Меркі ауд. – 268 жағд. (302,9)

«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 185 жағд. (239,3), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5),  Жуалы ауд. – 83/152,2,    Талас ауд. – 77/157,4,  Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.

Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша бір деңгейде (1 жағ/ 0,08 және 1 жағ/0,08), оның ішінде:Тараз қаласы  бойынша  – бір деңгейде  (1 жағ/0,22 және 1 жағ/ 0,22)

Байзақ ауданы бойынша-  тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Жамбыл ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жуалы ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Қордай ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Т Рысқұлов ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0жағ/0 және 0 жағ/0)

Меркі ауданы бойынша – тіркелген жоқ    (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Мойынқұм ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Сарысу ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Талас ауданы бойынша– тіркелген жоқ  (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Шу ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жас құрамы бойынша қызылша індеті 83,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3938 ж), оның ішінде 22,6% – 1 жасқа дейінгі балалар (892ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2291/ 58,1%;  15-17 жаста – 2,0% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,0% (713ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.

Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2433ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (954ж), 13,2% – оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (378ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).

Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы

Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,5 пайызы екпе алмағандар (4107 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1307 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 993 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 860 жағдай (20,9%).   

 

екпе статусы барлығы пайызы
Екпе туралы мәліметі жоқ 715 15,1
Екпеден бас тартқандар 1307 27,5
Екпе алу жасы келмеген 860 18,1
Екпе туралы мәліметі жоғалған 232 4,9
Уақытша  медициналық қарсы көрсетілім 922 19,4
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім 71 1,5
Екпенің толық курсын алмағандар 640 13,6
Барлығы 4747 100

 

          Ошақтағы алдын алу іс-шаралар

Жыл басынан бастап барлығы 44910 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .

Бүгінгі күнге 117  науқаспен  қарым қатынаста болған тұлғалар, 1 орта мектеп, 2 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .

Қызылшаға қарсы  иммундау жұмысы

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)

– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%,  жоспар – 24635 бала).

(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала

2024 жылдың 5 айында Жамбыл облысы бойынша

Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы (ККП-1) екпесімен қамту көрсеткіштері жоспарлы түрде жалпы егілгені – 18285 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша -1 екпені алғаны- 8636 бала, оның ішінде 1 жастағы 8511 бала 1-ші вакцинациясын алды (36,8%)

– барлығы қызылша -2 екпені алғаны- 9649 бала, оның ішінде 6 жастағы 9461 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (36,8%).

 (4 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 39,4- 41,5%).

Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебіқызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1111 балалардың себебі, ол 109 – екпеге келісім бермегендер (9,8%), 8 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,7%), 211 – уақытша облыста жоқтары (19,0%), 783 – медициналық көрсетілімі бар балалар (70,5%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.

Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап,  шілденің 02-ші  күніне  жалпы қамтылғаны – 96 058 тұлға / жоспар – 95 850 /100,2% 

(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері:   жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 463 078 , қамтылған пайызы- 97,5%).

Оның ішінде:

– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 9 051 бала (97,3%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);

– 2-3-4 жастағы 57 148 бала (91,5%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);

– 5 878 медицина қызметкерлер (104,1%, жоспар – 5 640 қамтылады);

– 23 981 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (129,5, жоспар – 18 520)

Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:

–  Тараз қаласы (94,0%) бойынша  орындау пайызы, «қызыл аумақта»;         –   қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».

ҚҚП вакцинаның қоры

02.07.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 27 602 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар, қолдау мерзімі 2026 жылдың наурыз айына дейін.

 

 

Аймақтар Жоспар Егілген саңы Қамтылған пайызы
Тараз қ 36122 33 953 94,0
Байзақ а 8885 9244 104,0
Жамбыл а 6702 7030 104,9
Жуалы а 3692 3 874 104,9
Қордай а 11811 12 201 103,3
Мерке а 6465 6 744 104,3
Мойынқұм а 2074 2084 100,5
Сарысу а 3344 3 530 105,6
Т Рысқұлов а 5288 5 388 101,9
Талас а 3642 3 740 102,7
Шу а 7825 8270 105,7
Облыс бойынша 95850 96 058 100,2
Республика бойынша 1 500 000 1 463 078 97,5

Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.

Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.