Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жамбыл облысы “Қоғамдық келісім” КММ-де “Жанжалдарды реттеудің баламалы тәсілі ретінде медиацияны дамыту перспективалары” атты Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық соттың судьясы, билер, ҚХА медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Өз кезегінде, медиация кабинетінің меңгерушісі Досыбиева В. Н. мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында медиация және оның дамуындағы кемшіліктер және жұмыс форматын қайта қарау қажеттілігі туралы айтылғанын атап өтті. “Медиация кабинеті жүргізіп отырған жұмыстың оң нәтижелеріне қарамастан, осы уақытқа дейін кейбір проблемалар сақталып, шешімін таппады, сондай-ақ заңнамадағы олқылықтар жойылған жоқ. Медиация институтын дамытумен негізінен медиаторлардың өздері айналысатынын атап өткім келеді, ал бұл мемлекеттік органдармен, барлық деңгейдегі оқу орындарымен, жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс болуы тиіс емес пе! Бұл медиацияның артықшылықтарының бірі болып табылатын, қоғамда келіссөздер мәдениетін қалыптастыру үшін ортақ міндет болуы керек!».
Сот, татуластыру рәсімдері жөніндегі үйлестіруші – Нурлыбаева Динара Нечаевна сот жұмысының онлайн форматта ауысуы туралы айтты.
ҚХА медиаторлар кеңесінің төрайымы Сафонова Лариса Владимировна медиаторлардың бірыңғай өзін-өзі бақылайтын ұйымын (қауымдастығын) құруға назар аударды. “Өкінішке орай, тәжірибе көрсетіп отырғандай, медиаторлар көмегіне азаматтардың білім деңгейі төмен болғандықтан және медиаторларды жанжалдарды шешуге дайындағандықтан жүгінгісі келмейді. Ал медиаторлар қауымдастығы медиатор қызметін үйлестіретін болады, медиаторларды даярлаудың бірыңғай бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, медиацияның жекелеген санаттары мен түрлері бойынша ұсынымдар мен әдістемелер дайындайды. Жанжалды шешу өнері-келіссөздер жүргізе білу мәдениеті. Мұндай жүйені құру медиатор көмегіне жүгінудің санын арттырады, өйткені қоғам алдында медиатордың беделі көтеріледі”, – деп қорытындылады ол.
Отырыста кәсіби емес медиаторларды оқыту мәселелері талқыланып, бірқатар сұрақтар көтерілді:
– кәсіби емес медиаторлар қызметіне ақы төлеу,
– дауларды шешудің баламалы рәсімдерінің орталықтандырылған жүйесін құру;
– Салық кодексінің баптары ережелерінің қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеуі және т.б.
Іс-шараның өзі татуластыру рәсімдерін дамыту саласында медиация институтын дамыту үшін жарқын идеяларды талқылау және ілгерілету бойынша диалог алаңын құруға тағы да мүмкіндік берді. Белсенді пікір алмасу медиация бойынша өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі деп үміттенеміз!