ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА ДЕКЛАРАЦИЯ

2024 жылдың 19 қаңтарында «Достық» үйінде ZOOM платформасы арқылы өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн-семинар өтті.

Семинар ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ елдегі саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық әдістемелік орталықтың қызметі аясында өткізілді.

Іс-шараға ҚХА қоғамдық құрылымдары өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Маңызды жиында ҚХА мүшесі, «Алматы қаласының Түркімен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Аннакулиева Гүлнара Атаевна, «Жеке тұлғаларды басқару және жалпы декларациялау» бөлімінің бас маманы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Анарқұлова Нұржамал Ғалиқызы мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан салық саясаты туралы толығырақ мағлұмат берді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі