Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚХА меценаттары, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысуда
Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚХА меценаттары, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысуда.
Акция аясында Жамбыл облысы “Радонеж” орыс кеңесінің мүшелері 2022 жылдың 21 тамызында отбасылық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға мектеп және спорт киімдерін, сондай-ақ, басқа да керек-жарақтарын алып берген.
Бұған қоса, олар 1-ші мүгедектік тобы бар отағасына да материалдық көмек көрсеткен.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз орталығы