БАСЫМЫЗ БІРІГЕ ОТЫРЫП ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒА АЛДЫҚ
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ
ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАР ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
АСТАНАДА ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
ЖАС ҒАЛЫМДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ
БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІК МАҢЫЗДЫ
МЕН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
РОЖДЕСТВО — ОЛ МЕЙІРІМДІЛІК
Католиктердің рождестволық мерекелерін 6 желтоқсан – әулие Николай қайтыс болған күнін атап өтуден бастайды екен. Католик әлемі өз наным-сенімдерінде әулие Николайды асқан мейірімділігі үшін құрметтеген.
Бүгінгі күн оны құрметтеп еске алу жамбылдық поляк этносы үшін жылдағы дәстүрге айналған. Бұл күні поляктар бір-біріне, әсіресе балаларға өзгеше мейірімділік, қамқорлық және қолдау көрсетеді. Осыған қатысты үстіміздегі жылдың 21 желтоқсанында Тараз қаласының «Үміт» дәмханасында Алматы қаласындағы Польша Республикасы консулдығының қаржылай қолдауымен Жамбыл облыстық «Полонез» тілі мен мәдениеті орталығы» Поляктар қоғамдық бірлестігі балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Жаңа жылдық іс-шарада балалар поляк, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өлеңдер оқып, ән шырқады. Сонымен бірге, балалар мен ересектерге арналған әулие Николай және Рождество мерекелері туралы викториналар өткізілді.
Бұған қоса, орталықтың мүшелері де балалармен қоса ән шырқап, би билеп, сондай-ақ, әр поляктық отбасы «Рождествоға» қандай дайындықтары барымен бөлісті.