Тарихқа тағзым
31 мамыр – ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Осыған орай, Тараз қаласы және Жамбыл, Байзақ, Талас, Қордай, Мойынқұм, Меркі, Сарысу, Шу, Т. Рысқұлов, Жуалы аудандарында тарихты еске алып, тағзым ету шаралары өтті.
«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының «Келешек үшін өткенді ұмытпау»тақырыбы бойынша «Тағзым» акциясы негізінде ашаршылық жәнесаяси қуғын-сүргіннің құрбандарын еске алуға ҚХА мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасы, облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында нәубетті жылдардың құрбаны болған ата-баба әруағына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Еске алу шарасында облыс әкімі Асқар Мырзахметов, тарихшы, облысымыздың құрметті азаматы Мақұлбек Рысдәулет және «Қоғамдық келісім» кеңесінің мүшесі, “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы сөз сөйледі.
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың құрбандарын еске алуға арналған мерекелік іс-шара «Болашақ үшін естелік» атауымен Достық үйінде жалғасты. Еске алу шарасы 1930-1938 жыдарды бейнелейтін театрланған қойылыммен ашылды. Шара барысында “Корей этномәдени орталығы” – Шин Наталья Николаевна, “Ақ желкен” жастар лигасының төраға орынбасары, «Жас Отан» ЖҚ, «Ахыска» этномәдени бірлестігінің мүшесі Алихан Ахметов сөз сөйлейді. Жиын соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.