Таразда Көптарапты меморандумға қол қойылды
Үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы мен жастар басқармасы және жастары ұйымдарымен бірлік пен келісімді дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстарды бірлесе іске асыру және жастардың ынтымақтастығын дамыту, нығайту.
Көптарапты меморандумға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі басшылары, Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының және аймақтық ассмаблея жастары, еріктілері, колледж, орта оқу орындары білімгерлері, облыстық БАҚ өкілдері атсалысты. Сонымен бірге, аталмыш шараға тараптардан – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры, экономика ғылымдарының докторы – Ержан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы – Берікқожа Серікбол Қайратұлы, Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Жас Отан ЖҚ-ның төрағасы – Уәли Болатбек Уәлиұлы, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Алебаева Айжан Ортайқызы, сондай-ақ, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқарамасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Мамедова Парида Иманжановна қатысты.
Парида Иманжанқызы өз кезегінде: – Жамбыл өңірі жастарының өзара ынтымақтастығының бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі бірнеше тараптық ынтымақтастық меморандумы сіздер мен біздер үшін үлкен бастама. Өңіріміздегі бірлік пен татулықты, қоғамдық пен келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе атқарайық, – деп, көпжақты байланысты нығайтып, идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін назарға салса, ал, қол қоюшы тараптар да алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін беретіндігіне: – Бұл ынтымақтастықтың аясында түрлі шараларды өткізіп, өзіміздің жинаған тәжірибелерімізді алмасып тұрамыз. Біз бірлескен зерттеу, талдау, ғылыми жұмыстарды жүргізе аламыз!- деп сенім білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығының
баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада