ТАРАЗДА — ЕГІН ЖИНАУ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Биылғы жылдың 22-қазанында Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы 25 қазан ұлттық мереке — Республика күніне және өздерінің салт-дәстүріне сәйкес егін жинау мерекесіне арнап «Еrntedankfest» атты мерекелік концерт өткізді.

Мерекелік шараға этномәдени бірлестік өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылығы, Немістер қауымдастығының мүшелері, шығармашылық топтары, жастар қанаты қатысты.

🔷Концерттік бағдарлама Қазақстанның бұл этнос үшін тыныштық пен бейбітшілікті сақтап, талай ұлттың басын бір шаңырақтың астында ұйытып ұстап отырған Достық патшалығы сияқты және туған Отаны саналатындығы, әсем табиғатымен көркем екендігін дәріптейтін  немістер бірлестігінің мүшесі,  «Зингэндэ Хэрцен» вокалдық тобының әншісі Татьяна Алехинаның Қазақстан туралы шығарған авторлық өлеңінен басталды.

Бұдан соң хореографиялық  «Эремурус» тобының орындауындағы «Қазақ биіне» ұласты. Әріқарай залды құйқылжыта алып кеткен әндер мен ырғала көрсетілген билер, ду шапалақ, тамашаланған театралды көріністер, ұлттық киімдерімен жүріп қырманды сомдай білген Немістер этномәдени бірлестігінің үлкенді-кішілі шығармашылық топтары жиналған қауымға шынымен де егін жинау алқабында жүргендей күй кештіріп, тамаша өткізілген концерттік бағдарламаларымен көрерменнің көңілінен лайықты орын ала білді.

Ерекше атап өтейік, мерекелік концерт сахнасында сондай-ақ, ең кішкентай қатысушылар —«Sternchen» и «Zwerge» құрама топтарының бишілерінің билері,   «Ювель» вокалдық-аспаптық тобының әні мен биі, сахнада «Репка на новый лад» ертегісін қойып берген «Talente» театралдық  студиясының көрсетілімі,  «Wir haben die Wahl» -«И лететь по белому свету», «Не жалей», «Хопсаполька»,  «Полька, полька,зажигаем!» т.б.әндері, Т.Алехинаның «Күз» өлеңі, «Лесорубы» «Полька», «Самовар»  атты билері тамашаланды.

Шара соңы «Немістер қауымдастығы» ҚБ басшысы Александр Гибнер мен “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлованың Республика күнімен құттықтауы және

«Wir sind zusammen!» — «Мы вместе!” әнімен аяқталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі