Таразда қолөнер шеберлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ТАРАЗДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Қолөнер шеберлері кеңесінің кеңейтілген отырысының мақсаты мен міндеті қазақстандық қоғамда азаматтық бірдейлікті қалыптастыру, рухани бірлікті, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту; Жамбыл облысы этностарының этностық мәдениетінің, дәстүрлерінің дамуына жағдай жасау; өңірдегі этномәдени бірлестіктердің белсенділігін арттыру, көркемөнер мұрасын сақтау және дамыту; сондай-ақ халықтық көркемөнер кәсібінің қалануына ықпал жасап, дәстүрлі халықтық қолөнерін дәріптеу болып табылды.

Кеңейтілген отырысқа облыстың этномәдени бірлестіктерінен 16 қолөнер шебері қатысты. Олардың арасында танымал шеберлер және өнерге енді қадам басқан шеберлер де бар.

Отырысты «Қоғамдық келісім» КММ әдістемешісі В.А.Майкович шебер әйелдерді құттықтау сөзімен ашып, жыл бойына атқарылған іс-шараларға тоқталды. Ассамблея жылы аясында сәндік-қолданбалы өнер семинарлары, көрмелер, байқаулар мен жәрмеңкелер өтті. «Жібектей қадамдар» кестелеу өнерінің байқауы, «Алтынай» этнографиялық қуыршақтар көрмесі, «Шебер» жәрмеңкесі өтті және таяуда ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы тұңғыш Президент күніне арналған халықтық сәндік-қолданбалы өнерінің қорытынды көрмесі жылдың ең елеулі мәдени оқиғалары болды.

Шеберлер «Қоғамдық келісім» КММ де ұйымдастырылған семинарлар мен шеберлік сабақтарының үлкен маңыздылығын атап өтті.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *