Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Үстіміздегі жылдың 17- қарашасында “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің “Ел боламын десең, бесігіңді түзе!” тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Анаға тағзым” республикалық форумы аясында өткізілді. Жиын модераторы Тараз аймақтық университеті “Мәдениет және өнер” кафедрасының меңгерушісі, М.Х. Дулати, “Әулие Ата” Қазақ мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева болды. Сондай-ақ, шараға ҚР Премьер – Министрінің кеңесшісі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, көпбалалы аналар қатысты. ҚР Премьер – Министрінің кеңесшісі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи жиында сөз сөйледі. Ол жұмыстың негізгі бағыттарына, жобаларға, акцияларға назар аударды. Олардың арасында “Әкеге хат” және “Қазақ clab” заманауи ертегілерінің байқауы, “Кешкі шай” акциясы, Рухани және тұлғалық өсу бойынша семинарлар және т.б. бар. Шара барысында қатысушылар тарапынан белсенді түрде сұрақтар қойылып, олардың бірде-біреуі жауапсыз қалған жоқ. Бұдан соң қатысушылар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап экспозициясымен және Ж.Жабаев, М. Мақатаев, К. Ахметова және жергілікті жазушы – әйелдердің шығармашылығымен танысты. Осыған қоса, қатысушыларға арнайы ұлттық тағамдар бойынша шеберлік кластары өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы