Таразда «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Үстіміздегі жылдың 18 наурызында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облыстық «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» бірлестігі мен «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» ЖҚ, «Хабар» Агенттігі АҚ, «КТК» республикалық телеарнасының ұйымдастыруымен республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – қайырымдылық идеяларын насихаттау, белсенді азаматтық бастаманы дамыту.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосатын және өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Еліміздің барлық өңірлерінен 2020 жылдың 01 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде конкурсанттарды іріктеу жұмыстары жүргізілді.
Наурыз мейрамы қарсаңында анықталған жеңімпаздар қатарында өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де болды. Атап айтсақ, облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрайымы Айша Идыбо, ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова, ҚХА Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада, сондай-ақ, Әдістемелік бөлімінің басшысы Аққу Қаратаева, көрме залының меңгерушісі Вера Майкович те қайырымдылық қызметі халықтық салт-дәстүрлермен байланысты қоғамның игілігі үшін қызмет ету, көмек көрсету, ерікті негізде және ақысыз игі істер жасау, қайырымдылық іс-шараларын БАҚ-та үздік жариялау, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударатын материалдардың шығуын қамтамасыз ету номинациялары бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев» қорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің
ІСБ «Қоғамдық келісім»
Баспасөз қызметі орталығы