Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Таңертеңгілік-жаттығу» жастар флэш-мобы

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Таңертеңгілік-жаттығу» жастар флэш-мобы туралы

АҚПАРАТ

2016-жылдың 5-ақпанында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты алдында Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Таңертеңгілік жаттығу» жастар флэш-мобы өтті. Іс-шараға жиналған бір топ жастардың іс-қимылдарына жұмысқа асығып бара жатқан адамдар қызығушылықпен қарап, бір уақыт аялдап өтті. Бір қалыпты орындалған әннің мәтініне орай спорт нұсқаушысының орындаған «Таңертеңгілік жаттығу» іс-қимылдарын, жастар қайталап орындады.Өтіп жатқан шара жайлы «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы К.Нарбатыров: «Еліміздің бас мерекесі тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерей тойын атап өтуге дайындалып жатқан тұста біздің жастарымыз қала тұрғындарының назарына «Дені саудың- жаны сау» деген ұғымды түсіндірді. М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ, мемлекеттік педагогика институтының студенттері және аймақтық ассамблея жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы, этномәдени бірлестік белсенділері «Таңертеңгілік жаттығуға» сүйіспеншілік тұрғыда қарап, осы флэш-мобты өткізіп отырмыз»- деді. Жиналған жастар алдында брэйк-данс орындаушысы сөз сөйледі, тілек білдірушілердің барлығы жаттығуға кірісті. Ойларымыз жүзеге асты. Акция өту барысында жаңадан келіп қосылғандардың саны көбейіп, олар жаттығуға шын көңіл-күймен қатысты. Осы тартымды іс-әрекеті бар шараға қатысушылар жастардың жасаған жаттығуларына қарап, үлкен сергектік көңіл-күй алды.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі.