Сарыкемерде Ел Президенті Жолдауы талқыланды
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы Қоғамдық келісім орталығы ғимаратында Байзақ аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серік Ермековтің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының 2021 жылғы 01 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру бойынша этномәдени орталық жетекшілері және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ел Президенті Жолдауын талқылауға өзге этнос өкілдері де қатысып өз ойларын ортаға салды. Мәселен, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мехия Раджамов өз ойымен былай деп бөлісті: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын теледидардан көріп, мұқият тыңдадық.
Жолдауда тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен алда тұрған басты міндеттер нақтыланып, ең бастысы – ел бірлігін сақтау, бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты нығайтуға үлес қосудың маңызына екпін салынған. Сонымен қатар елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, халықтың әл-ауқатын жақсартудың тетіктері айтылған. Елдің бірлігі бәрінен маңызды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде, Ұйымдасқан ұтады. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»,- деп халқымыз бекер айтпаған.Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!- деп сөзін түйіндеді.
Жиын соңында Ардагерлер кеңесі мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдауда көрсетілген міндеттерді біртұтас қоғам болып, бірге орындалатындығын талқылап, алдағы уақытта Жолдауға сай бірігіп жасалатын жұмыстарды жоспарлап, бірауыздан ортақ тілекпен тарқасты.
Жамбыл облысы әкімдігінің
ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы