Парламенті Мәжілісінің депутаты жамбылдық этнос өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Сейдуманов Серік Тұрарұлы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Депутат облыспен танысуды Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесуден бастады. Кездесу Достық үйі ғимаратының күмбезінде орналасқан дөңгелек үстелде өтті.
Жұртшылық тегіс жиналысымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева билік басынан арнайы келген қонақпен таныстырды.
– Тараз, бұл Мен үшін туған қаламдай екенін бірден айтқым келеді, – деп атап өтті мәжіліс депутаты сөз баында. Мәскеу химиялық машина жасау институтын аяқтаған соң, 40 жыл бұрын мені химия-технологиялық процестерді автоматтандыру жөніндегі инженер ретінде Жаңа – Жамбыл фосфор зауытына жіберді. Екі жыл азот-оттегі цехының КИПиА шебері болып жұмыс істедім. Мені жұмыс сапарымен Таразға баратынымды естігенде, барлығы есіме түсті, тіпті көшелердің орналасуына дейін есімде екен. Сондай-ақ, мен мұнда болмаған 38 жыл ішіндегі өзгерістер мені таң-тамаша етті және осы отырған Достық үйіні ғимараты тек Тараз қаласы үшін емес еліміздің Оңтүстік бөлігінің сәулеті әсем ғимараты десем артық емес.
Жыл басынан, яғни 31 қаңтар мен 9 ақпан аралығында Парламент Мәжілісінің депутаттары еліміздің барлық өңірлерінде іс-сапарда болады. Біздің сапарымыздың мақсаты бір: біздің еліміз, біздің халқымыз қалай өмір сүріп жатқанын білу. Халық арасында қандай мәселелер бар және оларды қалай шешу керек. Бұл бірінші мәселе. Сапардың екінші себебі, 30 қаңтарда Президент өткен жылды қорытындылады. Осыған орай біздің жұмысымыз туралы есеп беру.
Таразға кірер кезде, мен бір жарнамаға назар аудардым: “Таразда алты студенттік жатақхана салу жоспарланған”. Бұл Президент өз Жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыру болып табылады. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында ғана Қазақстан Парламенті Президент қойған міндеттерді шешуге қатысты 50-ден астам заң мен заңға тәуелді актілер қабылдады. Қазір 70-тен астам заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында. Негізінен бұл әлеуметтік бағыттағы мәселелер: халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, медициналық сақтандыру, міндетті тегін медициналық көмек және басқа да әлеуметтік мәселелер. Бізде пайдаланылмаған жерлер көп болғандықтан, экологиялық таза азық-түліктің жетіспеуіне байланысты әлемде сұранысқа ие аграрлық секторды қолдау, шағын және ірі ауыл шаруашылығы бірлестіктерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру бағдарламаларын әзірлейміз. Парламент ең төменгі жалақы көрсеткіштерін үнемі қайта қарайды және көтереді. Мемлекеттік сатып алулар бойынша көптеген проблемалық мәселелер туындайды. Бұл бүгінгі күнің ең басты проблемасы. 21 қаңтардан бастап “мемлекеттік сатып алу туралы” ҚР жаңа Заңы енгізілді. Бұл мәселені парламент өз бақылауында ұсмтайтын болады.
Жиын барысында мәжіліс депутаты кездесуге қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.
ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» төрағасы және кәсіпкер Латиф Айдаров “Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға” қатысты өз пірікін білдірді. Сонымен қатар, “Днипро” украин мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко депутаттан этномәден бірлестіктердің жыл сайынғы гранттарын бөлу туралы мәселеге бұрынғыдай тәртіппен қарауды сұрады.
Федор Клименко: «Биылғы жылы бұл жүйе жойылды. Грант ұсынылады, тендерге шығарылады және көбінесе этнобірлестіктер жұмысының ерекшеліктерін білмейтін заңды тұлға ұтады. Осылайша, бірлестіктердің өз іс-шараларын өткізуге қызығушылығы жоғалады, жұмыстың бұрынғы рухы жоқ. Парламент арқылы этномәден бірлестіктердің гранттарын берудің бұрынғы тәсілін заңдастыруды сұраймыз» -деді.
Парламент мәжілісінің депутаты Серік Тұрарұлы: «Мен сіздің сұранысыңызды, гранттарды бөлуқатысты пікіріңізді толық қолдаймын, себебі елімізде гранттарды бөлу жөніндегі сараптамалық комиссияның төрағасы болып табыламын. Сондықтан, бұл мәселеге қатысты заң шығару мен қоғамдық даму министрлігіне осы мәселені шешу үшін тапсырма беремін. Бұл мәселені өз бақылауыма алу үшін ҚХА хатшылығымен де байланысамын. Менің Қазақстан халқы Ассамблеясымен ерекше қатынастарым бар. 1995 жылы мен оны құрудың бастауында тұрған адамдардың бірі болдым. Сіз әлі күнге дейін пайдаланатын ҚХА эмблемасының авторы болып табыламын. Тараз қаласына барған кезде, алғашқы нысан облыстық ассамблея болады деп нық шешкен едім және сіздердің ұсыныс, пікір,талап-тілектеріңізді естігеніме өте қуаныштымын» – деп аяқтады мәжіліс депутаты өз сөзін.
Жиын соңына дейін қойылған барша сұрақтар мен ұстыстар депутат назарынан тыс қалмады.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі