«OPEN TV» Израиль телеканалы
Тараз қаласында «OPEN TV» Израиль телеканалының «Әлемдік өркениетке еврейлердің үлесі» тақырыбында өткен тұсаукесері туралы
АҚПАРАТ
2016-жылдың 17-қаңтарында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында облыс Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы З.Сембина, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Убайдуллаева, «Шиват-Цион» еврей мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Корнилина және осы этномәдени бірлестіктің 42 мүшесінің қатысуымен «OPEN TV» Израиль телеканалының « Әлемдік өркениетке еврейлердін үлесі» тақырыбында тұсаукесері өтті.
Іс-шараға «OPEN TV» Израиль телеканалының Қазақстандағы өкілі Е.Алимкулов, Қазақстан Республикасындағы Литва елшілігінің міндетін атқарушы А.Давалга, іс-шараны жүргізуші М.Мармуд,модераторлар; Е.Алимкулов,С.Арыстанов, Р.Мұртазин, Е.Рысқалиев, К.Кулагина қатысты.Қонақтарды «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты алдында қазақтың ұлттық дәстүрде киінген қыздар би және ұлттық тағамдарымен қарсы алды.Сонымен қатар қонақтарға А.Тращенконың басшылығымен үштік вокалы «Мне мама тихо говорила» еврей әнін орындады. Жамбыл облысы ҚХА бас инспекторы З.Сембина қонақтарды «Қоғамдық келісім» мекемесіндегі мұражай мен таныстырды.Кездесу «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында жалғасты. «Шиват –Цион» еврей мәдени орталығы этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Корнилина қатысушыларды Қазақстандағы «OPEN TV»телеканалының өкілдерімен таныстырды. Қазақстан Республикасындағы Литва елшісінің міндетін атқарушы А.Давалга делегацияны жылы қабылдап алғаны үшін ризашылығын білдірді.«OPEN TV»телеканалының өкілі Е.Алимкулов телеканал және қызметі жайлы қатысушыларға түсінік берді.«OPEN TV»Израиль ашық телеканалы коммерциялық жобаларға жатпайды, ол волонтерлардың арқасында құрылған, саясатқа қатысы жоқ, басқада құрылымдармен байланыста емес.«OPEN TV»телеканалының жетекші сараптамашылары Біріккен Ұлттар Ұйымымен және басқада беделді халықаралық орталықтармен қарым-қатынас жасайды.Ресейдегі ашық телеканал еврей агенттігімен, Евро-Азиялық еврей конгрессмен, солтүстік қауымдастықпен, қайырымдылық қорларымен, еврей кітаптарына арналған үйлермен және қайырымдылық ұйымдарымен қарым-қатынас жасайды.Әлемнің 87 мемлекетінде Жапония, АҚШ және Канадада орыс тілінде сөйлейтін миллионнан аса көрермен ащық телеканалды пайдаланады.Канал негізінен еврей ұлтының ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап, осы бай тәжірибені атадан балаға мұраға қалдыру болып табылады. Телеканал өнімдері телевизиялық фильмдер,кітаптар, кітапшалар шет елдерде қайта басылып шығарылады. Кез келген көрермен телеканалдың www.opentv.tv сайты арқылы бағдарламасын көре алады. «Шиват-Цион» еврей мәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы тарихшы және журналист М.Бунин «Қазақстандағы еврейлердіңеліміздің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі» жайлы пікірін білдірді.М.Мармудтың басшылығымен және төрт модератор бірлесіп тұсаукесер рәсімінің негізгі «Әлемдік өркениетке еврейлерді үлесі» тақырыбын талқылады. Біржақты талқылау барысы жемісті аяқталды, әрбір қатысушыға рухани байлық сыйлады, көпшілікпен арласуға қызығушылық тудырды. Қызықты кездесудің соңында «Достық үйі» мұражайына және тұсаукесер рәсіміне қатысушыларға «Главный секрет евреев» кітаптарын,ал қонақтарға жергілікті ақын әрі жазушы Д.Иванова-Вайсбеккердің «Сказание о Древнем Таразе» кітабы тапсырылды. Ашық телеканал делегаттары Ұлы Отан Соғысы кезінде Москвадан,Ленинградтан қоныс аударған литвалықтар, басқада мемлекеттің адамдары, 1942-1943 жылдары қайтыс болған еврейлерді жерлеген Тараз қаласының қалалық қорымында болды.