«Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді
Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді.
Жобаның басты мақсаты мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту.
Іс-шараға әр номинация бойынша барлығы 14 үміткер қатысты. «Мың бала» жобасы «Тіл мектебі», «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» сынды 4 бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары номинациясы бойынша Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Аманбаева Айжан Шакировна І – орын, Қордай ауданы, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Макашева Айсулу Қасембайқызы мен Тараз қаласы, №24 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Абильдаева Бекзат Нуркеримовна ІІ – орын, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Сапарбаева Нұршакүл Cерғазықызы ІІІ – орын иеленді.
«Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу номинациясы бойынша Сарысу ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Фахрутдинова Алсу Данировна І – орын, Тараз қаласы, № 34 орта мектебінің 6 сынып оқушысы – Даутова Сафия Сайфутдиновна ІІ-орын алса, Тараз қаласы,Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 11 сынып оқушысы – Идрисова Анеля алғысхатпен марапатталды.
«Тиімді тілдік орта» ойын алаңы номинациясы бойынша Меркі ауданы №44 ЖББМ 7 сынып оқушысы – Забитов Хаджи Сайрапович және Тараз қаласы, №39 орта мектептің 7 сынып оқушысы – Тешаева Хушафруз алғысхатпен марапатталды.
Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы – Мамедова Даяна І – орын, Қордай ауданы, №4 Б.Бөлтіріков атындағы мектеп-лицейдің оқушысы – Сурина Мария ІІ-орын, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы – Ибрагимова Севиля ІІІ – орын иеленді.
Ал, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы – Шахмамедов Эмран, Тараз қаласы, №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназияның 6 сынып оқушысы – Назарова Мафтуна алғысхатпен марапатталды.
Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Биылғы жылы облысымызда «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары бойынша жалпы 442 білім беру мекемелерінде жұмыстар жүргізілді. Оған әртүрлі этнос топтарынан 5782 бала қамтылды.
Жамбыл облысы әкімдігі
ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы