«Мың бала»
Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобаны өткізудің тұжырымдамасы бойынша, үстіміздегі жылдың 20-22 қыркүйек күндері аралығында аудандық Күрді этносы өкілдері (оқушылар) арасында мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту мақсатында «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында эссе жазу конкурсын ұйымдастырылды.
Өзі тұрып жатқан мемлекеттің ұлттық құндылықтарының бірі – қазақ тілін ерекше ынта-ықыласпен оқып, еркін меңгеріп жүрген күрді балақайларына тіл үйрену ешқандай қиындық туғызбады. Мемлекеттік тілді меңгерем деуші өзге ұлт өкілдерінің қатары көбейе берсін!
Жамбыл облысы әкімдігінің
ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы