Мектепке жол – жарық жол

1

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы республикамызда өтетін басқа да қайырымдылық акциялары сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен  жыл сайын өтіп тұрады.

Аталған акция 1-ші қыркүйекке дейін жалғасса да бүгінде облыстық ҚХА хатшылығына алдын-ала қорытындысы келіп жатыр.

«Мектепке жол» акциясы тек қайырымдылық шарасы ғана емес. 1-20 тамыз аралығында өткен өңірдегі іс-шаралар, бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңына сейкес 2016-2016 оқу жылында барлық бала білім алуы тиіс деген қағидат бойынша ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды есепке алып, олардың мектепке баруына ықпал ету. Осы мақсатта білім мен әлеуметтік қорғау мекемелерінің, ішкі істер департаменті мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері рейд жасау кезінде 1205 саяжайлар мен базарларды, жанар жағар май бекеттері мен көлік жуу станцияларын, көңіл көтеру орындарын аралап, онда балалар мен жасөспірімдердің заңсыз еңбекке тартылуын қадағалады.

Сонымен қатар 12 тамыздан бастап облыс орталығындағы «Атакент-Тараз», «Ауыл береке» және Меркі, Қордай аудандарында мектеп ярмаркалары ұйымдастырылып, онда ата-аналар балаларына жеңілдікпен мектепке қажет құрал-жабдықтар мен киімдерін ала алады.

Аталған «Мектепке жол» акциясы аясында облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-і 24 тамызда «Біз бірдейміз-біз біргеміз» акциясы аясында «Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-е тәрбиеленетін 40 тәрбиеленушіге арнайы «5-ке дейін сана» атты қойылымын тегін көрсетті.

Өңірлік ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухабат Миражапова өз сөзінде «Сіздер үшін Білім әлеміне жол ашылып онда сіздер білім алуға мүмкіндік ала аласыздар. Мемлекетімізде балаларға барлық жағдай жасалған, оның ішінде қашықтықтан білім беру, инклюзивті, жеке білім беру де бар. Сіздер тек білімге құштарлық танытсаңыздар, ата-аналарыңызға зор денсаулық пен шексіз шыдамдылық тілеймін» деді.

Бірінші рет мектеп табалдырыған аттаушыларға мектеп сөмкелері мен құрал-жабдықтары сыйға тартылды. Іс-шараға өңірлік ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдың келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева және бірқатар этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері қатысты.

Осындай, концерттік бағдарламасы мен сыйлықтары бар іс-шараларды, облысымыздағы дүнген, тәжік, поляк, әзірбайжан, ұйғұр, шешен-ингуш, еврей этномәдени бірлестіктері де өткізді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.