Медиаторларға арналған семинар-тренинг өтті

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Коғамдық келісім» КММ медиация кабинетінде ҚХА  медиаторларға оқыту бойынша семинар-тренинг өтті. Оған Аналар, Ақсақалдар кеңестері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, аудандардың қоғамдық құрылымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Семинардың мақсаты медиация институтын дамытуға әлеуметтік-құқықтық жанжалдардың алдын алу және шешу механизмі ретінде ортақ медиаторлардың құзыреттіліктерін үйрету.

Семинар-тренинг Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық медиаторлары болып табылатын этномәдени бірлестіктер өкілдерінің алғы сөздерінен бастау алды.

Семинар барысында Тараз қаласының Узбек орталығының төрағасы Зайнутдинов А.Ю. этномәдени бірлестіктердің қызметінде медиацияның рөлі туралы әңгімеледі. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі А.И. Сулейманов жеке практикаға нақты мысалдар келтірсе, Аналар кеңесінің өкілі Чекалина Л.И. отбасында медиаторлық тәсілдерге баса назар аударатынын жеткізді.

Семинар аясында медиация – адам құқықтарын қорғаудың әдісі ретінде қоғамдағы қақтығыстарды шешудің және азайтудың қазіргі заманғы нысаны екенін, сондай-ақ семинарлардың құқықтық мәдениетін көтеру және Ұлттық мемлекеттік саясат стратегиясын жүзеге асыруға қатысатын адамдарға базалық білімді қамтамасыз ететіндігі туралы сөз қозғалды.

Жиынды жүргізген медиатор- жаттықтырушы Л.В.Сафонова қатысушыларды медиация рәсімімен, оның принциптерімен, құралдарымен және ауқымымен, сондай-ақ жанжалдарды шешу үшін медиация құзыретінің жалпы өкілдерімен және медитативті рәсімдерді өткізу тәжірибесімен таныстырды. Тренингтен кейін семинарға қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Медиация Кабинетінің басшысы

  В.Досыбиева