МЕДИАЦИЯНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Бүгін, ағымдағы жылдың 15-қаңтарында «AMANAT» партиясының ғимаратында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде, республикалық жоба аясында «ҚР медиацияны дамыту» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шараға медиация ісін дамыту бойынша «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы ЗТБ төрағасы, сертификатталған тренер-медиатор Қалмұхамбетов Сабыржан Қайыржанұлы, «Бизнестегі медиация сот істерін жеңілдету» тақырыбында Төраға кеңесшісі, халықаралық жобвларды басқару қауымдастығының мүшесі, IPMA «Level A» жоғары басқару деңгейінде сертификатталған Нұрлыбеков Азамат Қылышұлы жанжалдарды шешу, медиацияны кәсіби және кәсіби емес түрде жүргізу, сот медиациясын терең қарастыру және медиацияны ілгерілету сияқты т.б. мәселелер тұрғысында тұшымды ой-пікірлерімен, пайдалы кеңес және іске аларлық қонымды тәжірибелерімен бөлісті.
Жиынға Жамбыл облыстық кәсіби, кәсіби емес медиаторлар, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және қалалық, аудандық Ардагерлер, Ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшелері қатысты.
Алқалы отырыста Медиацияны насихаттау, медиаторларды оқыту және тиісті даярлау, медиаторлар мәртебесін көтеру, өзара іс-қимылдың бірыңғай алаңын құру, тәжірибе алмасу мәселелері көтерілді.
Қатысушылар өз пікірлерімен белсенді түрде бөлісіп, медиацияның дамуына ықпал ету бойынша өз ұсыныстарын енгізді.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі