Елбасымыздың қай кезде ел алдына шықпасын, әрбір сөзін ықыласпен күтемін.
Елбасымыздың қай кезде ел алдына шықпасын, әрбір сөзін ықыласпен күтемін. Оның әрбір сөзін тыңдай отырып, ерекше ой толғаймын. Жаңа жылдың басталуымен бәріміз жақсы жаққа өзгеріс, жаңа өмір күтеміз. Осы жыл мен қаңтар оқиғасы барша азаматтардың қорғаны, үміті де -Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы екенін көрсетті.Оның айқын ұстанымы мен іс-әрекеті, оны дипломат және кәсіби саясаткер ретінде біздің көзімізде ғана емес, Батыстық көршілеріміздің алдында тағы да растады. Батыс елдерінің пікірлеріне тоқталмай, , ол тек бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін ойлады.
Елбасы әр сөзінде еліміздің болашағы – білім, ғылым, жаңа технология салаларында екенін баса айтады.Ұстаз ретінде мен өз жұмысымның жауапкершілігін түсініп,жұмысты күшейтіп,тәрбиеге көбірек назар аудару керек екенін тағы да біле түскендеймін.
Елбасының кадр біліктілігі туралы айтқан сөзін ерекше атап өткім келеді. Осы жерде Қасым Жомарт Кемелұлының «Кадрларды әлі де біліктілігіне, жұмыс қабілетіне қарай бағалау керек» деген сөзін мысалға келтіргім келеді. Өзгеріс заманына келетін болсақ, әркім өз тағдырын өзі жасайды дегім келеді.Бірақ әрбір ісіміз өзімізге ғана емес, елімізге пайдалы болуға міндетті. Көзіміздің түсіне, дінімізге қарамастан біз бір халықпыз. Билік, халық деп те бөліну дұрыс емес, бәріміз бүтін бір елміз, Қазақ елі! Ел басына енді мұндай қиыншылық келмесін! Қиын-қыстау күндерде бір-бірімізге қорған бола білейік! Бейбітшілігіміз бен бірлігіміз мәңгі болсын!
Жамбыл облыстық “Вынхуа” дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Хатамқызы Нұралиева