Достық үйіндегі кездесу
Бүгін “Қоғамдық келісім “КММ-де Жамбыл облысының Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі және “Ассамблея жастары” өңірлік қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті.
Іс-шара “Жаңа Қазақстан жастары” облыстық жобасы бойынша жүзеге асырылды. Шараға Тараз қаласының №24 гимназиясының оқушылары мен ұстаздары қатысты. Олар үшін Достық үйіне экскурсия ұйымдастырылды.
Көрме залының жетекшісі Вера Андреевна Майкович және облыстық ҚХА “Ассамблея жастары” ҚБ төрағасы Хамида Турдыева Ұйғыр бірлестігінің кабинетіндегі ұлттық экспонаттарды көрсетті, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы және “Ассамблея жастары” жастар ұйымы мен “Қоғамдық келісім”КММ қызметі туралы айтып берді.
Экскурсия барысында қатысушылар түрлі этностардың мәдениеті, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы мағлұмат алды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім”КММ
Баспасөз қызметі орталығы