«Demo Day» форматындағы тренинг сәтті аяқталды
Үстіміздегі жылдың 28-қазанында «Қоғамдық келісім» мекемесінде Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» РҚБ-нің «Your-Path» білім беру платформасымен бірлесіп өткізген «Demo Day» форматындағы тренингтің екінші бөлімі ойдағыдай аяқталды.
Тренингтің екінші күні қатысушылар топ-топқа бөлініп қоғамға қажетті бизнес жоспарларын жасап, стартаптарды құрастырды. Нәтижесінде, топ басшылары өз жұмыстарын қорғап, бастамашыл жастардан кеңес алды. Ал «Your-Path» жобасының негізін қалаушы – Александр Скалкин және Санжар Сүлейменовтер бизнес жоспарын әрі қарай дамытамын деушілерге өз тараптарынан көмек беріп, қолдайтындарын атап өтті.
Жалпы, «YOUR – PATH» қызметі – білім беру саласындағы қазіргі тенденцияларды меңгеруге және әр адамның әлеуетін ашуға мүмкіндік беруге бағытталған білім беру платформасы.
Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» -республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері – «Social Assembly» – жастарды әлеуметтік қолдау, білім деңгейін көтеру, жұмысқа орналасуға көмек беру, «Jastar media – медиа-жобаларды дамыту және медиа-сауаттылықты арттыру, «Ел мұрасы» – тарихи-мәдени мұраны сақтау, «Таза орта» – экология мен қоршаған ортаны қорғау, «Қасиетті парыз» – әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру жобалары бойынша облысымыздағы іс-шараларға үнемі белсене қатысып жүрген жастар. Дегенмен де, бүгінгі тренингте осы жобаларға қатысып сауаттылықтарын одан ары еселеп, нықтап, толықтырып, білім көздерін аша түсті.
Шара соңында, Жамбыл облысы «Ассамблея жастары» ҚБ төрайымы Хамида Турдыева қатысушыларға сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, белсенді жастар алғыс хаттармен де марапатталды.
Ерекше атап өтейік, «Your-Path» жобасының негізін қалаушылар, Мәскеу жобалар акселераторының қатысушылары, Start-up жобаларын құрудағы мамандар, Enactus Kazakhstan өңірлік менеджерлері – Александр Скалкин мен Санжар Сүлейменовке «Болашақ жастардікі. Әлеуметтік жобаларды құру бойынша бастамаларды дамыту» республикалық жобасына қатысты тың идеяларымен бөлісіп, бизнес-жобаларды ілгерілетуде, еліміздің әлеуметтік даму стратегиясына, жобалық қызметтің Қазақстан Республикасында қарқынды дамуы мен жетілдірілуіне үлес қосып жүргендеріне және кәсіпкерлік пен экология тұрғысынан адам өмірін жақсы жаққа өзгертер маңызды жобалардың дүниеге келуіне себепші болып жүргендеріне Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Баспасөз қызметі орталығы