Дәулет Кәрібек облыстың этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті
Бүгін жуырда ғана Әулиеата өңірінің бас идеологы атанған, облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.
Кездесу барысында Дәулет Жамаубайұлы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедованың, Жамбыл облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени» бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиқызының баяндамаларын тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.
«Дүниежүзі қазақтары» қауымдастығы мен «Отандастар» қоры Жамбыл облыстық фронт офисінің директоры – Төлебаев Арқабек Төлебайұлы өңірдегі қандастарымыздың түйткілді мәселелері бойынша сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар кездесу барысында облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері бірқатар ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі
саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”
КММ Баспасөз қызметі орталығы