ДӘСТҮРДІ ҚҰРМЕТТЕЙМІЗ

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні “Қоғамдық келісім” КММ-де “Бірлік, достық татулық-ажырамас әніміз!» атты фестифаль өтті. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жасалып отырған бұл  шараның  мақсаты – этностардың дәстүрлерімен танысу, халық және дамытуға бағытталған

Іс-шара қонақтарының арасында Жамбыл облысы ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Тараз қалалық Өзбек орталығының басшысы Абдырахман Зайнутдинов, Жамбыл облысы күрд этносы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдікәрім Сүлейманов және “Уникум” қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Любовь Шахова болды.

Аталған шараға № 4 орта мектеп және Панфилов атындағы №39 мектеп гимназиясының оқушылары, Жамбыл гуманитарлық, Жамбыл медициналық, Жамбыл индустриалды-техникалық колледждерінің білімгерлері бақ сынады. Барлығы бес команда ұсынылып, олардың әрқайсысы белгілі бір этностардың яғни, орыстар, өзбектер, грузиндер, дүнгендер, күрдтертердің салт-дәстүрлерін дүйім жұртқа әр қырынан көрсете білді.

Дүбірлі дода үш кезеңнен тұрды. Әуелі әр команда өз этносын таныстырып өтті. Екінші кезеңде олар дәстүрлерді көрініс ретінде көрсетті. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің тобы орыс этносының дәстүрі бойынша қонақтарды нан мен тұзбен қарсы алды. Ал № 39 мектеп гимназиясы құрамасы Грузин ұлтының суретшісі Нико Пиросманидің өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырды. Ал №4 орта мектеп құрамасы (өзбек этносы), Жамбыл жоғары медициналық колледжі (дүнген этносы) және Жамбыл индустриалды-техникалық колледжі (күрд этносы) командалары үйлену тойларынан үзінді ұсынды. Қорытынды кезеңде әр этностың шығармашылығы сынға алынды. Қазылар алқасы мен көрермендер назарына орыс, өзбек, күрд, дүнген халық билері мен грузин әндері алға тартылды.

Нәтижесінде Жамбыл медициналық жоғары колледжі мен № 4 орта мектеп топтары жеңімпаз атанды. Екінші орынды Жамбыл гуманитарлық колледжінің командасы місе тұтты. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің командасы және №39 мектеп гимназиясы құрамалары жүлделі үшінші орынға жайғасты. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен құрмет грамотасы табысталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы