«Бауырсақ-Рarty»
Ағымдағы жылдың 28 маусым күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Самал» емдеу-сауықтыру орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Бауырсақ-Рarty» шарасы өтті. «Қазақтану» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындағы«Бауырсақ-Рarty» шарасыҚазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
ҚР халқының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін сіңіруге араналған «Бауырсақ party» шарасына облыстық ассамблея, «Қоғамдық келісім» КММ, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, этномәдени бірлестіктер, «Жастар ортасындағы этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» жазғы мектебінің жұмысына қатысушылар, тренерлер және БАҚ өкілдері, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.
Қазақы құндылықты дәріптеп, ұлтқа тән қадір-қасиетті ұрпақ бойына сіңдіру барысында өткен шара барысында қыздар жағы оңтүстік, солтүстік және батыс қазақстандықтар болып үш топқа бөлініп бауырсақ қуырса, ал ержігіттер жағы тоқаштар пісіп дайын болғанша «Домбыра party» ұйымдастырып, қос шекті аспаптың көмейінен сан түрлі күй күмбірлетіп, айналаны ән мен жырға бөледі. Дайын болған бауырсақтар әділқазылар алқасының алдында таныстырылып, нәтежиесінде бауырсақтардың дәмі, пішіні және сәндеу үлгілеріне қарай арнайы номинациялар беріліп, сыйлықтар табысталды.
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі