БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 31 шілде – 4 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Медиация күнін мерекелеу шеңберінде (5 тамыз) Медиация апталығын және «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясын өткізу көзделген.  Іс-шараның мақсаты – ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын және қызметi Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi қамтамасыз етуге байланысты мүдделi уәкiлеттi тұлғаларды жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiнде шоғырландыру.

Іс-шараға: өңірлердегі ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері, кәсіподақтардың, сот және құқық қорғау органдарының, әділет органдарының, түрлі деңгейдегі депутаттардың, адвокатура мен нотариаттың өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері: Аналар, Ақсақалдар кеңесі, ҚХА кафедрасының мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ, ҚХА медиаторлары мен еріктілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге мүдделі азаматтық қоғам өкілдері қатысады.

Медиация апталығы барысында халық арасында сауалнама жүргізіледі, ҚХА алаңдарында медиативтік кездесулер, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы өтеді.

Барлық өткізілген іс-шаралар БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және т.б. кеңінен жарияланатын болады.

 

 

*** *** ***

 

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: 7(7262) 54-10-37,

8 707 450 12 43, 8 771 420 08 56

Поштасы:kogamdyq_kelisim_press_slujba@mail.ru