Бүгін, «Наурызнама» жобасы аясында Жамбыл облыстық…
Бүгін, «Наурызнама» жобасы аясында Жамбыл облыстық Ш.Уалиханов атындагы әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыруы және өңірлік ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдерінің демеушілігімен «Армысың, әз-Наурыз» әдеби-қоғамдық этноауыл іс-шарасы іске асырылды.
Атаулы шараға ұйғыр, өзбек, тәжік, қырғыз бірлестіктерінің басшылары Мұхабат Тұрдыева, Абдырахман Зайнутдинов, Махкам Орифов, Абзалбек Меңдібаев бастаған этнос өкілдері және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Жобаны өткізудегі мақсат — этносаралық қатынас, бейбітшілік пен келісім, жалпықазақстандық бірегейлікті нығайту.
Атырау өңірінде өткен ІІІ-Құрылтайда ҚР Президенті айшықтап берген тапсырма — «Бірлігіміз – әралуандылықта» жобасын еңсеру мақсатында этноауыл іс-шарасы ілгерілетілді.