Entries by Администратор

КОНСТРУКТИВТІ КЕЗДЕСУ

Жуырда Жамбыл облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ербол Қарашөкеев аймақтық этномәдени бірлестіктер және ҚХА мүшелері, құрылымдары өкілдерімен кездесу өткізді. Алқалы жиында ел бірлігі, патриоттық тәрбие, Ұлттық құрылтайдағы Президент тапсырмалары және ассамблея жобаларын сапалы жүзеге асыру жолдары талқыланды. Айта кетейік, әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді талқылау, оларды шешу бойынша мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы сындарлы диалог арқылы ұсынымдар әзірлеу үшін ҚХА Ақсақалдар […]

ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты республикалық фестивальдің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Қазақстанның көпэтносты халқының мәдени мұрасын сақтау және насихаттауға бағытталған байқауға өңірлік Ассамблеяның шығармашылық ұжымдары қатысып, халық әндері, халық билері, халық аспаптары бойынша жеке және топ болып өнер көрсетіп, бақ сынасты. Аталмыш сайыстар бойынша қатысушылардың өнеріне […]

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Шу ауданы Төле би ауылында “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға Шу аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің подполковнигі Ажихан Абдрашев, Шу ауданы бойынша Мансап орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің мамандары Нуридин Қоспанов, Бауыржан Қойшыбек қатысып, әскери саладағы әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемдер туралы, […]

ТАРАЗДА ЖАСТАР ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ

Халықаралық театр күні қарсаңында облыс орталығында Тараздағы жалынды жастардан құралған жаңа театрдың тұсауы кесілді. Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен тұсаукесерде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев шымылдығын жаңадан түрген жастар театрының ашылуымен құттықтап, мерекеге орай облыстағы театр майталмандарын марапаттады. Сонымен қатар, мәдени шарада ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР құрметті журналисі, өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан жас театрға ақ тілегін білдірді. […]

ТАРАЗДА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттер және өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділерінің қатысуымен «Студенттік Ассамблея»: «Алтын шаңырақ» студенттер ассамблеясы ашылды. Жиында университет ректоры, аймақтық ҚХА ҒСТ төрағасы, Махметғали Сарыбеков сөз алып, студенттік ассамблеяның құрылу маңыздылығын айрықша атап өтті. Этносаралық келісім және азаматтық бірегейлік саясаты жөнінде жастарды, оның ішінде әртүрлі этностардың өкілдерін шоғырландыруды міндеттейтін «Студенттік Ассамблея»: […]

ОРДАБАСЫ, АЛҒА!

2025 жылы 22-23 наурызда Әулиеаталық «Ордабасы» — «Қазақстан командалық ойын федерациясы» РҚБ Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен Наурыз мерекесіне арналған «Ордабасы» спорттық ойынынан ашық облыстық турнир өткізді. Бұл турнирге ҚР еңбегі сіңген спорт қайраткері, ҚХА мүшесі Руслан Бакирұлы Исмазовтың жетекшілігімен 5 пен 17 жас аралығындағы 200-ге жуық […]

ТАРАЗДА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

21 наурыз – Наурызнама онкүндігі бойынша «Ынтымақ күні». Бұл күні сексеннен астам түрлі этнос өкілдері өмір сүретін киелі Тараз төрінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. «Достық» орталық алаңында өткен мерекелік шараға өңірлік ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, құрылымдары мен “Қоғамдық келісім” КММ ұжымы да белсене атсалысты. «Құс қанатындағы Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен бастау алған шарада Қыдыр […]

ЭТНОМЕДИАЦИЯ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Достық үйінде «Этносаралық жанжалдардың алдын алу» атты өңірлік этномедиация кеңесі мүшелері, дін қызметкерлері, ЭМБ өкілдері, ҚХА құрылымдары, ҒСТ мамандары және медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Келелі кеңесті облыстық этномедиация кеңесінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов ашып, барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы Замана Исмаилова қатысушыларды өңірдегі этносаралық қатынастар проблемаларының мониторингімен таныстырды. Бұдан […]

Құрметті барша қазақ елі!

Наурыз бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан болар, еліміз Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Бұл мерекеде игі істер жасау, жарқын болашаққа жоспар құру әдетке айналған. Наурыз өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа серпінін әкеледі. Сондықтан біз Наурызды асыға күтеміз және көктемнің алғашқы күндерінен бастап оған дайындаламыз. Ұлыстың ұлы күні баршамызға жаңа жетістіктер мен қуаныш, әр отбасына […]

Құрметті қауым!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Біз үшін бұл асыға күтетін және ең ғажайып, ең ұлық мерекелердің бірі. Наурыздың шуақты күндері бізге көктемгі жылумен қоса қуаныш пен бақыт әкеледі, табиғатта болып жатқан үйлесімділік жүрегімізге үн қосып, жақындарымызға мейірімділік пен махаббат сыйлайды. Көктем лебі сіздерді шуағына бөлеп, әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке мен молшылық […]

Page 1 of 161
1 2 3 161