Аналар кеңесі қызметінің жүгі ауыр
Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі қоғамдағы маңызды жұмыстарды атқарады.
Біздің өңіріміздің Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің басшысы Мухаббат Сайдуллақызы Миражапованың басшылығымен аналардың барлығы бірдей қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Олар жастармен жұмыс істеп,ажырасу алдында тұрған отбасыларды татуластыруға тырысады. Аналар қайырымдылық шараларына да белсенді қатысады, осылайша мұқтаж жандарға көмектеседі.
Аналар кеңесінің өкілдері әрқашан қазіргі уақытта өмірі қиын жағдайда қалған адамдарға көмек қолын созуға асығады. Кеңес өкілдері көбінесе өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында, девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жиі барады. Олар осы мекемелердің тәрбиеленушілерін қолдауға, қажет болған жағдайда оларды түзетуге көмектеседі, сондықтан да ол балалар қателіктер жібермеуге тырысып, қылмыстық жолға түспейді.
Сонымен қатар, аналар әр түрлі іс-шараларға қатысып, отбасылық құндылықтарды, үлкендерге құрмет көрсетуді, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын отырыстар мен кездесулер жиі өткізіп тұрады. Жақында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Алматы қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып келді. Кеңесте көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, барынша пысықталып, болашақ жұмыстың міндеттері алға қойылды.
Облыстық ҚХА Аналар кеңесі өкілдері әртүрлі деңгейдегі жобаларға белсенді қатысып отырады. Мәселен, олар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын табысты түрде іске асыруда.
Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңір жастары қатысатын «Достық дастарханы» жобасын іске асыру мақсатында шеберлік сыныптарын ұйымдастырып тұрады.
Аналар кеңесінің өкілдері жастарды толыққанды қарқынды, белсенді, позитивті өмір сүруге үндейді. Олар қоршаған ортада болып жатқан жағдайға бей-жай қарамай, кез-келген келеңсіз жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысады. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін Аналар кеңесінің жұмысына сәттілік тілейміз!
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы