«АЙНАЛАЙЫН» СӘБИЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл және 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Айналайын» жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар табыстау акциясы өтті.
Акция барысында облыстық ҚХА ардагерлері мен Аналар кеңесінің белсенді өкілдері перинаталдық орталыққа барып жаңа туған сәбилердің аналарына домбыра, алғашқы керек-жарақтары салынған сөмкелер табыстады. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева «Айналайын» хатын оқып, алдағы келе жатқан мереке күндерімен құттықтады.
Көпбалалы және шалғай аудандардан келген аналар Мөлдір Жуанышева үшінші, Зере Савхозбек бірінші, Светлана Абдукаримова жетінші, Дамира Бисенбиева егіздермен бесінші және Жансая Жұмағазы егіздермен екінші балларын өмірге әкелген.
Туыла сала мейірімнің дәмін таттырған облыстық ассамблеяның ардагер аналары нәрестелерге ақжарма тілектерін арнап, Алғыс айтумен құттықтады.