Абдурахман Зайнутдинов Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Елбасымыз Қазақстан халқына арнап «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жариялады. Мақаламен толық танысып шыққаннан кейін өз ойымды білдіруді жөн көріп отырмын. Тұңғыш Президентіміз аталған мақалада халықты сабырға, төзімділікке, бірлікке үндеген.
Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан кейін дамудың даңғыл жолына түсті. Алыс-жақын, көршілес елдермен қоян қолтық араласып, көптеген игі істерді атқардық. Өзара келісім мен тұрақтылыққа негізделген саясатты ұстандық. Татулық пен бірегейліктің арқасындада көптеген тірліктің түйіні тарқатылып, шешімін таптық.
Сондай-ақ, Елбасымыз барша адамзатқа қауіп төндіріп отырған аты жаман індетті жеңу үшін халықты бірлікке шақырды. Бұл туралы мақаласында аға ұрпаққа арнайы айтарым бар деп тоқталған. Онда халықты ынтымақ – бірлікке және сабырлыққа шақырыңдар, жастарды еңбек пен білімге құштарлыққа, қатарының алды болуға үндеңдер деген. Себебі бұл ұрпақ алдындағы артылған жауапкершілігіміз бізді осыған міндеттейтінін еске салған.
Сондай-ақ әрбір жан отбасы мен балаларының денсаулығына деген жауапкершілігін арттырса деген. Себебі бұл дәл қазіргі жағдай үшін аса маңызды.
Мен, Елбасының мақаласында айтылған мәселелерді қолдай отыра, халықты сабырлыққа, бірлікке шақырамын. Бұл күндер де өтіп, мамыражай өмірімізге қауышатын шақ алыс емес. Сол үшін барынша төзімділік пен сабырлылық танытайық. Айтылған талап-тілектерді қатаң сақтап, еліміздің сын сағаттан аман-есен өтуіне өз үлесімізді қосайық!